Грипп ауруын емдеу жолдары мен пайдалы кеңестер

Грипп(тұмау) — бұл суық, өткір респираторлық инфекциялар, ЖРВИ түрлерінің бірі. Грипп ағзаға кіргенде пайда болады және тез белсенді түрде көбейтеді. Жыл сайын вирустың жаңа «түрі» келеді. Сондықтан өткен тұмауға қарсы эпидемиялар, иммунитет (антиденелер) адамды жаңа эпидемиядан нашар қорғайды. Грипп вирусының түрлері сандық және атаулары болуы мүмкін.( Мысалы «Испанка») Барлық осы атаулардың ешбір мәні немесе қауіпі жоқ. Олар идентификация үшін қажет.

Грипп басқа тұмаулар сияқты ауа тамшылары(воздушно капельный) арқылы тасымалданады. Дегенмен басқада ЖРВИ түрлері сияқты қол алмасу арқылы болады. Вирус науқастың қолына жөтелу, сімгіру кезінде беріледі. Немесе адам қолымен есік,автобус тұтқасын ұстайды. Содан кейін оны басқа адам ұстап вирусты тасымалдайды.

Грипп ауруын алдын алған(профилактика) дұрыс. Себебі емделуден гөрі аурудың алдын алғаны жөн.

Грипп ауруының алдын алу жолдары

Аурудың алдын алу жолдары екіге бөлуге болады. Активті және Пассивті болып келеді.

Активті қорғанысқа вакцинация және егу(прививка) жатады.Барлық адамдар уақытында жасаса жақсы болар еді. Бірақ әдетте адамдар кез-келген уақытта, кез-келген офисте, дүкенде, мектепте жұқтырған кезде ғана қорғаныс туралы алаңдайды. Вакцинаны алдын ала жасау керек. Болжамды эпидемиядан кемінде бір ай бұрын. Эпидемияның көп кездесетін уақыты ол қыста, күзде немесе көктемнің басында болады. Осылайша, сіз көктемнен кешіктірмей вакцинация туралы ойлауыңыз керек.

Пассивті қорғаныстарға ең алдымен спортты айтуға болады. Оған жүгіру, велосипедпен жүру, жаттығу залы, гимнастика жатады. Кез-келген физикалық жаттығулар денсаулық үшін пайдалы.

Грипп ауруы https://www.litsa.com.ua

Пассивті қорғаныстың екінші бөлігі бұл шынығу(закаливание). Өйткені, кез-келген вирустардың ауа-райының күрт өзгеруі байланысты көбеюге мүмкіндігі бар. Шынығу ағзаны осындай кезеңде жақсы қорғайды. Олар қоршаған ортаның өзгеруіне қорғаныс белсенділігін төмендетпей жауап бере алады.

Үшінші пассивті қорғау карантин болып табылады. Карантиндік хабарландыруды күтудің қажеті жоқ. Сіз оны өзіңіз жасай аласыз — және т.б. Адамдар көп болатын жерлерде уақыты аз өткізу керек. Қоғамдық орындарда, кинотеатрлар, театрлар, цирк және т.б жерде маска киіп жүрген абзал.

Карантин мәні адамды қоршаған ортамен науқас адамдардан ажырату. Өйткені вирус әртүрлі жерлерде болуы мүмкін.

Төртінші пассивті қорғаныс ауаны тазарту болып табылады. Бөлмені және адам өзін тазарту қажет. Науқас адамға таза ауада серуендеген пайдалы. Бөлмені классикалық түрде тазарту керек. Бөлмедегі адамдардың болмауын қадағалау керек .Себебі ол инфекцияны одан сайын күшейтеді.

Бесінші пассивті қорғау — ылғалды ауа.Ауадағы ылғалдылық дененің механикалық шаң және вирустар секілді денеден шығарылған эпителийдің шыршасының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Егер ауа құрғақ болса, вирустарды жою қиынға соғады. Ол үшін еденді жуу керек және үй өсімдіктеріне су шашыратыңыз.

Егерде 3 күн ішінде өзіңізді нашар сезінсеңіз дәрігерге көрінген дұрыс. Ал егерде Грипп ауруынын симптомын байқасаңыз осы кеңестерді қолдану керек.Дәрі-дәрмекті дәрігерден сұрап дұрысын алған жөн. Себебі кейбір дәрілер организмның өзінін күресуіне жол бермейді.

Біріншіден, Вируспен күресу немесе ағзаны әлсірету үшін иммундық жүйеге кедергі келтіретін белгілерді жою керек. Бұл температураны түсіру қажет.Егер температура 38 градустан жоғары болса жатып тынығу керек.(төсек демалысы) Содан кейін температураны түсіру үшін балалар мен 45 жасқа дейінгі ересектерге парацетамол немесе ибупрофенді қолданған жөн. Үлкен жастағы 45 жастан асқан адамдарға аспиринді пайдалан дұрыс.

Грипп ауруын емдеу жолдары мен пайдалы кеңестер YouTube.com

Екіншіден сұйықтықты көп ішу қажет. Бұл пайда болған вирустарды және бөлшектерді жоюға көмектеседі. Көбірек болса жақсы болады. Бұл жағдайда кез-келген жеміс, компот, су — бұл сізге қажет дәрі.

Бір мезгілде бірнеше ыстық басатын немесе антигистаминдердің көмегімен қабынуды азайтуға болады. Соған ұқсас жөтелді басатын(отхаркивающие) дәрілерді қолдануға болады.Олар бронхты тазартуға тырысады.

Дәрігерді қай уақытта шақыру қажет

Тамақ қатты ауырғанда.

Бас ауыруы қатты және құсу пайда болғанда.

Пациенттің жаман сезінгенде немесе ауырсынғанда.

Тыныс жетіспеушілігі, тыныс алудың қысымы, ауа жетіспеушілігі сезілгенде.

39 градустан асатын температура болған жағдайда.

Пациент мойнында ісіну(отек) пайда болғанда.

Науқаста судоргтер басталғанда.

Науқас есін жоғалтқанда.

Денеде бөртпе(сыпь) пайда болғанда.

Пайдаланылған материалдар:

https://www.med2000.ru/

Тәрбие сағаты «СПИД- ғасыр індеті»

Тәрбие сағатының жоспары:

Тақырыбы: «СПИД» ғасыр індеті

Мақсаты:

а) білімділік:Оқушыларды ғасыр інтеті «СПИД» пен таныстыру, оның пайда болуы мен жұғу жодарымен таныстыру, СПИД тің әлемді жайлап бара жатқаны жайлы біршама мәліметтер беру;

ә) тәрбиелік:Оқушыларды тазалыққа, жаман әдеттерден қашық болуға тәрбиелеу;

б) дамытушылық : Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ақыл -ой, адамгершілік қасиеттерін арттыру;

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ — жауап әңгіме;

Сабақта қолданылатын көрненіліктер:плакаттар, нақыл сөздер,қабыра газеті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгін 1 желтоқсан

СПИД ке қарсы күрес күні.

Мақсаты: ЖҚТБ ауруы туралы оқушылардың білімдерін молайтып, түсініктерін кеңейту, осы дерттен сақтану жолдарынан кең көлемді мәлімет беру; ауруға қарсы күрес шараларымен таныстыру; оқушылар арасында ұлттық қадір — қасиетті көрсететін кішіпейілдік, адамгершілік, шынайы достық ұғымдарын насихаттау.«Жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісінің адамның иммунитет тапшылығың вирусы» жұқпасы, оның алдын алу шаралары туралы ұғым — қалыптастыру.

«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларға ЖИТС және ЖЖБА-дан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттерін дамытатын қажетті білім, білік, дағды қалыптастыру.

Мұғалім сөзі:

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі — адам денсаулығы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан — 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

Н. Ә. Назарбаевтың ұсынған Ұлт жоспары-«100 нақты қадам» бес институционалдық реформасының 82-қадамының басты мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны қолжетімдікті бақылау) жайлы тапсырма берді.

Қош келдіңіздер, бүгін міне «ЖҚТБ-ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел басына жиналып отырған себебіміз 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ-қарсы күні. Бұл күні жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауілігін түсінетің ниетке толы.

Осы жиынға арнайы шақырылған қонағымызбен таныстырып өтейін: ____________________________

Алдымен «Ғасыр» дерті деген не? Бұл кесел қайдан пайда болды?

Соған тоқталып өтейік.

(слайд)

Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.

СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен.

«Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.

1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады.

Мұғалім сөзі: ЖҚТБ(СПИД) — жұтқырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. ЖҚТБ ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Вирус әр түрлі жолдар арқылы жұқтырылып, адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді. Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің көтеріп отырған мәселе осы ғасыр індеті.

Қонаққа оқушылардың сұрақтары:

• Бұл аурулардың қоздырғыштары не?

• Ауру қалай асқынады?

• Вирусты өлтіруге болады ма?

• Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Жауабы: Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

• ЖҚТБ -пен ауырған адамдар неге өледі, емделіп жазылып кетуге болмайма?

Жауап: Организімде аса маңызды Т — лимфоциттер группасы азайып, дененің ауруға қарсылық күші жойылады. Одан әрі өкпе қабынып дененің терісінде ірінді бөліктер қаптайды, қанның құрамы бұзылып сепсике айналады, қауіпті ісіктер көбейеді, бұның бәрі ауруды өлімге душар етеді. ЖҚТБ -пен ауырған адамның өмірі ұзақ болмайды.

• ЖҚТБ қанша уақыттан кейін білінеді?

• Денсаулық министрлігі бүгінгі таңда осы спидке қарсы қандай шаралар ұйымдастырып жатыр ма? Жаңаөзен қаласында арнайы оралық жұмыс істей ме?

Жауабы: Соңғы жылдары республикамызда ЖИТС-ке қарсы арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жұмыстарынатқаратын 18 орталық, 64 1-зертхана бар.

• ЖҚТБ-пен ауырмау үшін алдын алу жолдарын айтып беріңізші?

Жауап: Ол үшін барлық жерде жеке бас және қоғамдық гигиена ережелерін дұрыс сақтау, жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек. Дәрігерлік инемен ортақ пайдаланбау, егілу керек болса жеке инемен егілу, анаша, насыбай атпау, түнгі клубқа бармау.

?(Салаутылық туралыойларын ортаға айту

Жалынды жастар үні:

САЛАУАТТЫ МАҚСАТЫҢ ӨМІР СҮРУ

Салауатты мақсатын өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Шылым мен нашақорлық сенің жауың,

Пайдалы сол-бұл жолдан аулақ жүру.

«2030-шы бағдарлама»,

Өмірің түскендей-ақ жаңа арнаға.

Денсаулықты сақтауды жолға қойды,

Айырылып бұл байлықтан қапы қалма.

Спиртті ішімдікке әуес болма

Күресу керек саған осы жолда

Денсаулық-зор байлық деп бекер айтпас.

Өмірің ей, достарым,өз қолыңда.

Нашақорлық бизнесі ауыр қылмыс,

Кетеді адам азып, тозып тұрмыс.

Сақтанып өз-өзіңе ие болғын,

Салауатты ақылмен істе жұмыс.

Шылым шегу ұрпағыңды тоздырады,

Кейпіңді алып адамдық аздырады.

Сақтан, сақтан әзәзіл ащы иістен.

Дәмін алсаң,өмірің зәрлі болады.

Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан,өнері асқан,

Өзіңе сүйсіңдірер барлық жанды.

Сүйкімді ақылды бол иман жүзді,

Ғылымды үйрене біл небір түрлі.

Шылымға үйір болма, түсін соны,

Ешқашан сұрқын кетіп болма сорлы.

Болсаңдар білімді әрі парасатты,

Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты.

Шылым мен нашақорлық болсың жауың,

Сақтай біл өз ұлтыңның дәстүр-салтын!

Абайлаңдар СПИД-тен, абайлаңдар

Мұғалім сөзі: «Аурудың емін іздегенше — ауырмаудың жолын ізде» — деп атамыз қазақ айтқандай АҚТБ ауруымен ауырмау үшін оның алдын алу шараларын білуіміз керек.

Ендеше спид туралы біз не білеміз ?

Студентерге сұрақтар:

1. АҚТҚ қандай жолдармен жұғады?

• АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

• Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

• Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

• Жыныстық қатынас арқылы.

• Анадан балаға (жүктілік кезінде және баланы емізгенде).

2. АҚТҚ қандай жағдайда жұқпайды?

— Қол алысып, құшақтасқанда;

— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан;

— Төсек жабдықтары мен киімнен;

— Темір және қағаз ақшадан;

— Су мен ауадан;

— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан;

— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан;

— Жәндіктердің шағуынан;

— Моншада, саунада, бассейінде;

— Бой жазу, т.б.

3. Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасы — бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер — ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

ЖҚТБ (СПИД) туралы білімімізді толықтыру үшін келесі кезекті слайдтарға берейік.

АҚТҚ мен ЖҚТБ аралығындағы айырмашылығы.

Айырмашылығы

АҚТҚ ЖҚТБ

Ұсақ вирус, кәдімгі микроскоппен көруге болмайды. АҚТҚ тудыратын ауру, адам ағзасына кіріп иммундық жүйені бұзады. Вирустар әр түрлі ауруды тудырады, тұмаудан бастап, ақыр аяғы рактың кейбір түрлерін АҚТҚ — мен зақымдалғанын, яғни вирустың ағзаға кіргенін білдіреді, бірақ ауру әлі байқалмайды. Қазіргі уақытта ЖҚТБ — ге қарсы вакцина немесе дәрі жоқ. АҚТҚ — нің әсерінен иммундық жүйенің әлсіреуі нәтижесінде ағзада инфекция дамиды, ол оппортунистік деп аталады, ары қарай ол өлімге әкеліп соқтырады. Оппортунистік инфекция — бұл инфекция (туберкулез, пневмания), асқазан, ішек инфекциялары (диарея, стоматит), бас миының инфекциясы (токсоплазмоз, рак ісіктері, менингит).

Мұғалім сөзі: Адамның ақыл — ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл — ғалымы Әл — Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», — деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты

!

Мұғалім сөзі: Ситуациялық жағдаяттарға жауап берсеніздер?:

1. Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Көмек көрсететін адамға ұсыныс:

Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?

3. Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз» десе не істер едің?

4. Адам тексеруге қан тапсырып, онда АҚТҚ -инфекциясы табылғанын жаңа ғана білді. Ол не сезінеді? Ол не істеу керек?

Мұғалім сөзі: Адам! Адам!

Бөлісіп уайымды —

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, дей отыра өміріміз өз қолымызда екенің ұмытпаған жөн. Келесі кезек әнге келген сияқты.

Мұғалімнің сөзі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!

Арнайы келген қонағымызға алғысымызды білдіреміз.

Ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».

Назарларыңызға рақмет!

Тәрбие сағаты

ЖҚТБ — ғасыр дерті

Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ — ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған

кеселдің залалын жан — жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ — ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана — сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

АҚТҚ — адамның қорғаныш тапшылығьның қоздырғышы (АҚТҚ) (Ауру)

ЖҚТБ — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) (ӨЛІМ)

♦ Қан арқылы (тікелей қан құйғанда инелерді ауыстырмай бірігіп пайдаланғанда)

ЖҚТБ қандай жолмен жұғады?

♦ Ауру ананың сүті арқылы;

♦ Ауру әйелден туылған балаға;

♦ Жыныстық жолмен жақындасқанда бір адамнан екінші адамға жұғады.

Аурудан қалай сақтанған жөн?

♦ Шаныштыру кезінде ине пайдаланғанда;

♦ Қан құйғызғанда;

♦ Бейберекет жыныстық жолмен жақындыққа бармай, сақтанған дұрыс.

АҚТҚ тарау жолдары:

Құрамында АҚТ қоздырғышы бар қан арқылы:

Сондай қанды құйғанда;

Егу кезінде сондай қанмен ластанған шприцті пайдаланғанда;

Сондай қанмен ластанған басқа да өткір, теріні кесетін не тесетін құралдарды пайдаланғанда.

АҚТҚ — ны жұқтырып алған адам:

Алғашқыда аурудың белгілерін сезбейді;

Дені сау сияқты болады;

Өзінде бар қоздырғышты басқаларға жұқтыра алады;

2 — 10 жыл бойы сау болуы да мүмкін.

ЖҚТБ — ның басты ықтимал белгілері:

Дененің қызуы (бір айдан аса);

Жүдеп, салмақтың азаюы (дене салмағының 10%- нан аса);

Іштің өтуі (бір айдан аса)

ЖҚТБ толық жетілгенде:

Қоздырғыштар қатты көбейеді;

Қорғаныш жүйесі жойылады;

Адам ауыр науқастарға шалдығады;

Осы аурумен ауырады;

Ақырында адам қайтыс болады.

АҚТҚ қалай берілмейді?

o жөтеліп немесе түшкірген кезде ауамен;

o тамақ, су арқылы, қол алысқанда;

o тер немесе көздің жасы;

o жүзу бассейнінде, моншада;

o ыдыс — аяқ, төсек — орын, киім — кешек және аяқ киім арқылы;

o құшақтасу және сүйісу арқылы жақындасқанда;

o жәндіктер шаққанда т. б.

Денсаулық — шексіз бақыт, халқым менің

Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа

Қолда барда біл оның қасиетін,

Күтіп, баптап, аяла әр уақытта

қ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Әңгіме, практикалық.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсат: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру.

2. Тәрбиелік мақсат: АҚТҚ — ның жұғу және қорғану жолдарын игеруге тәрбиелеу.

Оқушылардың қорғану жөніндегі іс әрекеттерін қадағалау.

3. Дамытушылық мақсат: Оқушыларды АҚТҚ жұқпасымен және ЖҚТБ туралы бар білімдерін әрі қарай дамыта отырып, тәрбиелеу.

Оқытудың техникалық құралдары және көрнекі құралдар: интерактивті тақта, қосымша әдебиеттер, оқулық, маркер, ақ қағаз.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

• Сәлемдесу

2. Оқушылардан жаңа тақырып бойынша жалпы бар білімін тексеру.

Сауалнама

Сіз ЖҚТБ — ауруы туралы не білесіз?

Ф. А. Ж.____________________________________________

Топ ___________________

№ Сұрақтар Ия, жоқ, білмеймін.

1 ЖҚТБ ауруы туралы түсінігіңіз бар ма?

2 ЖҚТБ жұқпалы ауруға жата ма?

3 Жынысына қарай үлкен — кіші демей ЖҚТБ жұқпалы ма?

4 ЖҚТБ жұғатын кезеңдер:

а. Жыныстық қатынаста.

б. Медициналық инені пайдалануда.

в. Қан ауыстырғанда.

г. Қолмен сәлемдесу.

д. Асхана ыдыстарын пайдаланғанда.

е. Көпшілік әжетханаға барғанда.

ж. Сілекей арқылы, түшкіргенде.

з. Көздің жасы арқылы.

и. Көпшілік орында шомылғанда.

й. Анасынан жаңа туған балаға.

к. Жезөкшемен кездескенде.

5 ЖҚТБ — ға қарсы уколмен салатын дәрі бар ма?

6 ЖҚТБ ауруын емдеуге бола ма?

7 АҚТҚ — жұқтырылған адам дайындаған тағамды ішуге болады ма?

8 ЖҚТБ — мен ауырған адамның бетінен сүю қауіпті ма?

9 АҚТҚ — ны жұқтыруға болады, егер мүшеқап пайдаланбай, тек бірақ қатынаста болсаң?

10 Мүшеқапты дұрыс пайдалану АҚТҚ — ны жыныс жолдар арқылы беруден құтылуға көмектеседі ма?

3. Жаңа білім беру.

• Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіре отырып және тақтаға жазады.

АҚТҚ — адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы.

ВИЧ — вирус иммунодефицита человека.

ЖҚТБ — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі.

СПИД — синдром приобретенного имунного дефицита.

ЖҚТБ алғаш рет 1981 жылы АҚШ — та тарай бастады, әсіресе ауруларды бақылау орталығы гомосексуалистер арасында ерекше инфекция санының көбеюін туғызды.

Осы уақытқа дейін бұл инфекция тек қана қорғау механизмдері онкоауруларымен зақымдалған немесе иммундық жүйені әлсірететін дәрілерді ішетін адамдарға ғана кездесетін.

Жаңа ауруды негізгі себебі иммундық жүйенің бұзылуы және жетпеуі екені, бұл жетіспеушілік вирус арқылы шақырылған, кейін бұл вирус АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы) деп аталды. Вирус 1983 жылы ашылды.

Бәлкім, АҚТҚ ғасырлар бойы қауіпсіз түрде өмір сүріп, тек жаңа қазіргі уақытта агрессивті жағдайға көшкен болар. ЖҚТБ — ні зерттеу әлі күнге дейін жалғасуда, бірақ ең маңыздысы мыналарды білу керек.

ЖҚТБ мәселелері әлі де бірнеше онжылдыққа дейін әлемде сақталады, тіпті оған керек вакцина немесе емдеу жолы табылса да.

АҚТҚ инфекциясын одан ары таратудан аулақ болу үшін жекеленген, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық дәрежеде бірқатар шаралар қолданылады.

Литература:
  1. Мустафин Р. И., Протасова А. А., Буховец А. В., Семина И.И. Исследование интерполимерных сочетаний на основе (мет)акрилатов в качестве перспективных носителей в поликомплексных системах для гастроретентивной доставки. Фармация. 2014; 5: 3–5.
  2. Haeser, «Handbuch der Gesch. d. Medicin».
  3. Daremberg, «Histoire des sciences médicales» (П., 1966).
  4. https://oilay.kz/%D0%B3%D1%80%D0%B8%D0%BF%D0%BF-%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%83%D1%8B%D0%BD-%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%83-%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B/.
  5. https://infourok.ru/trbie-saati-spid-asir-indeti-2885725.html.
  6. Guardia, «La Médecine à travers les âges».
  7. Frédault, «Histoire de la médecine» (П., 1970).
  8. Baas, «Geschichte d. Medicin».
Никифорова Елена Олеговна/ автор статьи

Врач Гинеколог, Терапевт
Врач высшей категории
Ведет прием в поликлиниках: Поликлиника №28
Медицинский стаж: 22 года
Подробнее обо мне »

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Война вирусам и гриппу